Көпбалалы ана торт пісіру кәсібін қолға алуда

Әсел Әбеу бүгінде төрт баланың анасы. Бала кезден тігіншілікке жақын болып өскен

Бойындағы тігіншілік өнері әжесі мен нағашы жақтан дарыған. Бес жастан бастап, әжесі тігін тіккенде қасында отырып, санасына сіңірген. Сонымен қатар, нағашы әпкесінің де ісмерлікке, сурет салуға жақын жан екенін де тілге тиек етті. Көпшілігімізге мәлім Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» би ансамблінің ұжымына әр ұлттың өзіндік болмысын бейнелейтін сәнді сахналық киімдер ісмер Әселдің өз туындысы. Қазіргі таңда қолы қалт етсе тігін тігіп, тапсырыс қабылдайды. Тек киім тігумен ғана шектелмей қоржын, көрпеше, перденің сәнін келтіретін ашық ламбрекендер тігеді. Бір бойына сан өнерді тоғыстырған жас ана тігіншілікпен қатар ұн өнімдерінен тәтті күлше нан (торт) пісірудің шебері. Шыны керек дәмі тіл үйіреді.Ол үшін арнайы оқуды да аяқтаған.

– Бүгінгі таңда еңбек етсең кәсіпті өзің табасың. Қызығушылықтан бойға дарыған өнерді тұншықтырмай одан әрі дамыту керек деп білемін. Қазір үлкен қызым Айжан да күлше нан (торт) пісіруді үйреніп келеді. Қолдан келгенше жұрт қалауындай табиғи өнімнен әзірлеймін,- дейді Әсел Айтбайқызы.

«Өнер таусылмас азық» деп бекер айтылмаса керек. Қолдан келген іспен шұғылданып, кәсіп қыл. Еңбек етіп елге қызмет жаса.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.