Ақ жаулықты аяулы жандар құрметке лайықты
Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Шота Оспанов көп балалы аналарды қабылдады. Аяулы жандармен емен – жарқын әңгімелесіп, тұрмыстық жағдайларын сұрасты.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды тілге тиек етті. Елдегі көші – қон мәселесіне тоқталды. Халық санын былай қойғанда мектеп қабырғасында оқып жатқан балалардың қатары сиреп бара жатқандығы да шындық.
Кейбір ата – аналар өздері ауылда тұрып, балалары қала мектептерінен білім алып жатыр. Сондықтан елдегі ағайынның ортасында отырып, қуаныш пен бақытқа кенелгеннен артығы жоқ. Қысқасы, елдің ертеңі үшін алаңдарлық өзекті мәселелер айтылды. Көп балалы аналарды қабылдаудағы басты себеп бұл емес еді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Жарлығы бойынша “Алтын”, “Күміс алқа” иелерін наградтады. Торғай ауылының тұрғыны Айман Ержановаға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері Ақкөл аулының тұрғыны Салтанат Сейтенова мен Тәуіш аулының тұрғыны Айжарқын Байшинаға салтанатты түрде тапсырды. Көп балалы аналар алғыстарын айтып, естелік суреттерге түсті.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Құстарға қамқор бол бала (далее…)
Жас мамандар өзара бақ сынады (далее…)
Қарапайым халықта белсенділік жоқ (далее…)
Себебі әлі белгісіз (далее…)
Қостанай облысы, Заречный ауылында "Тобол-Торғай тұңғыштардың мекені" атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Жыр бәйгесіне 12…
This website uses cookies.