“Еркеназ” би ансамблінің кезекті жеңісі

“Тобыл толқындары” on-line би ұжымдарының ашық аймақтық  халық билері байқауы аяқталып, жеңімпаздардың есімдері анықталды. Байқауға  Қазақстанның  әр  аймақтарынан Ақмола,Атырау, Қызылорда, Павлодар және  Қостанай  облыстарынан  29 би  ұжымдары  қатысты

Қазылар алқасының  құрамы  хореографиялық өнердің  кәсіби  мамандары “Корнавал” би мектебі МКҚК директоры Шамиль Фахрудинов, Қостанай  педагогикалық  коледжінің  хореографиялық бөлімінің  меңгерушісі Салтанат Доспанова, А.Байтұрсынов атындағы  ҚМУ “Өнер” студиясының  бас  хореографы Саяхат Әкімжанқызы болды.

Қазылар  алқасы мүшелерінің  ғана емес, көрермендердің  де  жүрегін  жаулап  алған үздік  ұжымдардың есімдері жарияланды. Қазылар алқасының шешімі  бойынша  келесі қатысушылар жүлделі  орындарға  ие болды: Арқалық  қаласының “Ақбота” халық  би  ансамблі мен Ақмола  облысының, Аршалы  ауданының “ Мираж” халық  би  ансамблі   үшінші орынды алды. Жүлделі  екінші  орынды Қамысты  ауданының “ Зарянка” халық  би  ансамлі  иеленді. Жүлделі  бірінші  орынды  жерлестеріміз  Болат  Хамзин атындағы  өнер  мектебінің   “Еркеназ” би  ансамблі  жеңіп алды.  Жанат  Әбдісалыққызы  жетекшілік  еткен  өнер  ансамблін кезекті  жеңісімен  құттықтаймыз. Аудан  атын  Қазақстанның  түпкір-түпкіріне  танытып  жүрген  би  ұжымы , республикалық,  облыстық  байқаулардың  жүлдегерлері  Сондай-ақ,  келер  жылдың  наурыз айында өтетін III Халықаралық “Наурыз достарын  шақырады”  фистиваліне жолдама  алды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.