Үздік төс белгі иегері атанды
Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асыл Әуезхан «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасында тоғызқұмалақтан өткен республикалық турнирде жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» төсбелгісімен наградталды.
Асыл Жақанқызы Сарысу негізгі орта мектебінің түлегі. 2019 жылы Арқалық қаласының Педогогикалық институтын тәмамдаған. Бүгінде тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларын дайындап, жоғары жетістіктрге жетіп келеді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде мектепшілік, аудандық байқауларға қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, «Торғай өңірінің байлықтары» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, облыстық байқауда 3 орынды иеленген. Аудандық, обылыстық пән аралық олимпиадалар жеңімпазы. Үздік оқушы атанып, «Қазақстан үміт артар» баспасынан шыққан кітапқа есімі жазылған. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дәріптеп, Торғай жерінің даңқын Республика жұртшылығына танытқан ел мақтанышы. Ел болашағы жастардың қолында. Ұлттық ойынымыздың дамуына үлес қосқан әр ұрпақ, біз үшін бір төбе.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика
мамандығының 1 курс студенті
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.