Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді.
Оның айтуынша, 11 ақпан күні Торғай селосында жүрген кезінде Қуанышбайдың жүрегі кенеттен ұстап, жағдайы күрт нашарлаған.
Науқас шұғыл түрде Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер дереу жансақтау шараларын бастаған. Жағдайының аса ауыр болуына байланысты мамандар кеңесе келе оны облыс орталығына шұғыл жеткізу туралы шешім қабылдайды.
Тасымалдау барысында науқастың жағдайын анестезиолог-реаниматолог, бөлім меңгерушісі Данияр Нұрқасымов жіті бақылап отырған. Дәрігер жол бойы науқастың жағдайын тұрақтандырып, туыстарымен үздіксіз байланысып отырды.
Қостанай облыстық ауруханасында Қуанышбайға шұғыл ота жасалды. Күрделі хирургиялық отаны ангиохирург Асыл Әбдіманап сәтті орындады. Қазіргі таңда ол облыстық аурухананың кардиология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Емдеуші дәрігер, кардиолог Анастасия Греева науқастың жағдайы қанағаттанарлық екенін, оң динамика байқалатынын жеткізді.
Айнагүл Қожабаева отбасы атынан екі аурухананың да дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.
«Кәсібиліктеріңізге, жанашырлықтарыңызға, адамгершіліктеріңізге және бауырымның өмірін сақтап қалғандарыңызға алғыс айтамын. Ақ халатты абзал жандардың әрқайсыңызға мың алғыс, басымды иемін тағзым. Ең бастысы – ол дін аман», – деді ол.
Ш. ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынды
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
Жанкелдин ауданы Иманов жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі Айгүл Қылышбекова 2025 жылғы «Жаһандық құзыреттілік»…
Жанкелдин ауданы орталығында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақиық ақын…
This website uses cookies.