Білім бәйгесіндегі жарқын жетістік

Мәдина Серікбол олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынды иеленді

Ұлт болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Осы ұстанымды берік ту еткен жас өрендеріміз білім додаларында өздерінің ізденісі мен еңбегінің нәтижесін көрсетіп келеді.

Солардың бірі – 2025-2026 оқу жылында Жангелдин ауданының намысын қорғап, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орын иеленген шәкіртім Серікбол Мәдина Даниярқызы.

2025-2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 6-7 қаңтар аралығында өтті. Аталған білім сайысына Жангелдин ауданынан 11 оқушы қатысып, өзара білім мен біліктің жоғары деңгейін көрсетті. Осы додада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Серікбол Мәдина Даниярқызы ерекше табандылық танытып, жүлделі III орынды иеленді. Бұл – ауданымыз үшін ғана емес, мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымы үшін үлкен мақтаныш.

Мәдина – білімге құштар, ізденімпаз, мақсаты айқын шәкірт. Ол тек олимпиадамен шектеліп қалмай, түрлі деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық байқауларда өзін дәлелдеп келеді. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылында «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңінде I орынды иеленіп, облыстық кезеңде жүлделі II орынға қол жеткізді. Бұл – оның сөз өнеріне, ұлттық рухани мұраға деген терең ықыласының айқын дәлелі.

Сонымен қатар, қазақ руханиятының ірі тұлғасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аясында өткізілген «Міржақып оқулары» байқауына қатысып, «Сахна өнері» номинациясы бойынша I орынды жеңіп алды. Бұл жетістік Мәдинаның тек теориялық біліммен ғана емес, сахналық мәдениеті мен көркемдік талғамы жоғары екенін көрсетеді.

Бұдан бөлек, «Ауыл олимпиадасы» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі I орын иеленуі – оның ауыл балалары арасындағы үздік оқушылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мәдина Даниярқызының жетістіктерінің артында тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденіс және білімге деген шынайы сүйіспеншілік жатыр. Ұстаз үшін шәкіртінің әрбір жетістігі – маңдай тердің, төгілген еңбектің жемісі. Мәдинаның биік белестерді бағындыруы алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол.

Сымбат КЕНЖЕҒАЛИ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Редактор

Recent Posts

Торғайдың тұңғыш тракторшы қызы

Бүгінде өмір жолы өнегеге толы ардақты ана. (далее…)

23 часа ago

Торғайдың текті қызы

Мемлекеттік қызмет ардагері Ләззат Зейнекина жайлы бір үзік сыр. (далее…)

2 дня ago

Жангелдиндегі әр үшінші қылмыс – мал ұрлығы

Өңіріміз мал ұрлығы жөнінен де «қызыл аймаққа» еніпті. (далее…)

2 дня ago

Торғай төрінде ұлттық спорт ұлықталды

Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері көрсетілді. (далее…)

3 дня ago

Торғайда кілем тоқуды серігіне айналдырған Қарлығаш апа

Торғай топырағында ұлттық өнердің тамырын тереңге жайып, оны бүгінгі ұрпаққа аман жеткізіп отырған аяулы жандар…

3 дня ago

Ақынын әкімі ардақтаған ел бақытты

Жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлы – 80 жаста! (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.