Бұған дейін Аманғали 2006-2012 жылдар аралығында аудан әкімінде жүргізуші болып қызмет жасады. Кейін аудандық ауруханада жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі болды
Науқас жандарды межелі жерге уақытынан бұрын жеткізіп, елдің алғысын арқалаған азамат. “Заман ағым – адам соның толқыны” дейді дана халқымыз. Аманғали Айсаұлы Торғай – Қостанай бағытына адам тасиды. 10 жылға жуық жүргізуші болғандықтан жолаушылардың көбісі Аманғалидың көлігіне мінеді. Сенімді таксист, жолда қалдырмайды. Көлігіде сайлы. 6 орындықты адамдар еркін отырады.
Қыс айларында ақ түтек боранда 600 шақырым жерге қатынау оңай емес. Ал, жаз айында ойлы -шұңқыры көп жолдарда жолаушыларды шаршатпай үйлеріне жеткізіп, ризашылықтарына бөленді. Таксистік қызметте табыс көзіне жатады. Күнделікті тауып жүрген нәпақасынан кімде болса айырылғысы келмейді. Бірақ, Аманғали бір күндік табысын ысырып қойып, облыс орталығына жолаушыларды тегін апарды.
Қасиетті Рамазан айында оның ішінде күндердің сұлтаны жұма күні осындай игілікті іс жасап, мол сауапқа кенелді. Аманғалиға айтар елдің алғысы, берер ақ батасы шексіз. Жомарттықты жалғайтын Аманғалидай таксист азаматардың қатары көп болсын.
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.