Бәріміз білететіндей өнер ордасының шәкірттері облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары
Талантты оқушылар, ауданның намысын қорғап, атын асқақтатып жүр десек артық болмас. Талай шәкіртті тәрбиелеп, қанат қақтырған мектептері түлектері ауданымыздың мақтанышы. Олар бүгінгі күні шет елде білімдерін жалғастырып жатыр. Ал, кей бірі оқуларын тәмамдап елге қызмет жасауда. Осыдан-ақ, өнер мектебінің ұстаздарының қандай екенін аңғара аласыз. Өнер мектебі көп жылдардан бері оқушыларды бейнелеу өнері, вокалдық қабілеттерін шыңдау, домбыра, би сынды түрлі үйірмелермен баулып келеді.
Солардың қатарына кейін қосылған, мектеп кітапханашысы Ғалия Шененованың ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандарынан құралған “Сиқырлы театр” драмалық ұжымы жұмыс жасауда. Өнерлі, дарынды балалардың актерлік шеберліктерін шыңдау мақсатында құрылған театр көрермен көз айымына айналыпта үлгерді. Республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Биылғы карантиндік шараларға байланысты, көптеген шектеулер қойылып, байқаулардың барлығы онлайн форматта өткізілуде. Сондай байқаулардың бірі Қостанай облысы білім баксқармасының ұйымдастыруымен 3 жылда бір рет өткізіліп отыратын “Армандастар” облыстық балалар шығармашылық фестивалі. Биылғы жылғы өткізілген фестивальге өнер мектебінің “Еркеназ” би ансамбілі мен “ Сиқырлы театр” драмалық ұжымы қатысып, бақ сынаған болатын. “Ерке наз” би ансамблі “Заманауи биді үздік орындау” номинациясын жеңіп алды. Драмалық ұжым Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, “Алғашқы қоңырау” атты қойылымды сахналады. Актерлік шеберліктерінің, әдемі қойылымның, арқасында тағы да әділ-қазылардың көңілінен шықты. Жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Айта кету керек, драмалық ұйымның құрамындағы Әулетбек Жүсіп “Актерлік бейнені үздік іске асыру” номинациясын иеленген. Үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі жетістікке жетуге себеп болды. Осы орайда Ғалия Кенжебайқызының еңбегін атап өтпеске болмайды.
Мектеп кітапханашысы оқушыларын қызықтыру мақсатында ұйымдастырған шағын қойылымдар, жеңіске жетеледі. Бір қойылымды шығармас бұрын алдын ала жазылған сценариге, әр түрлі қиялымдағы ойын ұштастырып, балалардың тілімен жазып, жеңіл әрі өтімді етіп шығаруға өте бейім. Алдағы уақытта әлі де көптеген қойылымдар көрермендермен қауышады деген сенімдеміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.