Қазіргі заман талабы кәсіп ашып, ел мүддесіне қызмет жасау

“Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ”. Қай істіңде жеңілі болмайтыны белгілі. Маңдай терді төгіп, еңбектенсең қайтарымы мол

Ол үшін жалқаулықтан арылып, бастайтын іске зейін қою керек. Аяқсыз қалдырмай соңына дейін жеткізсең берекесі болады. Қазір мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген адамға қолдау бар. Тіпті, қайтарымсыз несие де береді. Осы бір қайтарымсыз несиені алып, кәсіп ашқан кейбір адамдар мерзіме жеткенде жоспарлы жұмысын тоқтатып қояды.

Қолына қомақты тегін ақша тигесін өз еркімен жұмсағысы келеді. Яғни “Көпірден өткенше қызымды берем, өткен соң өзім білем” деген кейіп танытады. “Байдың асын, байғұс қызғанады” деп сөге көрмеңіздер. Айтайын дегенім, аудан тұрғыны Алтынбек Қыпшақбаев деген азамат бар. Құрылыс жұмыстарының кәнігі хас шебері. Қолынан бәрі келеді. Елдегі тұрғын үйлердің көбіне заманауи үлгідегі құрылыс жұмыстарын жасайтын осы азамат. Оны бәріңізде жақсы білесіздер. Жақында ауласынан “Көлік жуу”  тұрағының іргетасын қалады. Ағаштан қалып жасап, қиыршық ұсақ тастарды құрылыс құмына араластырып, жерден үш метр биіктікке көтерді. Таза еңбек.

Қалтасынан қаражат шығарып, осындай тәуекелге барғандығы да нағыз ерлік. Автокөліктердің іші – сыртын жуатын арнайы құрылғыларында сатып алған. Күнделікті жүргізушілер келіп, көліктерін жудырып, ризашылықтарын айтып кетеді. Бағасы да тиімді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған соң білек сыбана кірісемін деп отыр. Қысы  – жазы қызмет көрсету жоспары да бар. Ішіне жылу жүйесіне тартып, қажетті құрылғылармен қамтуды ойластырып қойған. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз несие алып, кәсібінің шеңберін ұлғайтуды көздеп отыр. Ашқан кәсібі ілгерлеп жатса, екі адамды жұмыспен қамтимын деп отыр. Оның сыртында үй төсеніштерін (кілем, палас)  жуу қызметін қосымыша атқарады.  Кәсіпкерлік саласымен айналысатын құзырлы органдар талпынысы бар адамдарға қолдау көрсетіп, қол ұшын берсе, игілігін ел көреді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

1 день ago

This website uses cookies.