Биыл Албарбөгет кеңшарының құрылғанына 60 жыл толды
Ауыл жастары ұйымшылдық танытып, орталық саябақтың ашылуына мұрындық болды. 1969 жылғы түлектер 35 жылдықтарының құрметіне саябақ ішіне Түлектер монументін орнатқан. 1993 жылғы жастар мектеп бітіргендерінің 10 жылдық құрметіне дала сахнасын салып берді. Оның ашылу салтанатында аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімдігінің атынан ел азаматтарына алғысын білдірді. Жаркөл ауылының тумасы, құрылыс инженері Мәжит Бекмағамбетұлына ескерткіш тақта ашылды. Тәуіш ауылының тумасы, Алаштың аяулы ақыны, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев ауылдағы жағымды жаңалықтарды жырына арқау етіп, арнауын елге жолдады. Иігілікті істерді жыл сайын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Тәуіш түлектері бесжылдық жұмыстарын қорытындылап, эстафетаны соңынан ерген іні – қарындастарына табыстады.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.