Аудан кітапханасында Coworking орталығы ашылды

Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде екі орталықтан тұратын конференц зал мен балалар аймағына бөлінген «Coworking» орталығы ашылды

Ашылу салтанатында аудан әкімі Шота Оспанов құттықтау сөз сөйледі. Жаңадан ашылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Спорт ардагері Ербатыр Рахатов кітапханашылардың атқарып жатқан қызметтеріне ризашылығын білдірді. Коворкинг орталық – азаматтардың жайлы жұмыс істеп, және жастардың өз шығармашылығын одан әрі дамытуына жол ашатыны белгілі.

– Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Жұмыс істеуге қажетті кеңістік пен ыңғайлы орындықтар, үстелдер, жеке және топпен жұмыс істеуге арналған аумақ, жылдам интернет пен тегін вай-фай, қазақтың ұлттық дәстүрлі стол ойындары, принтер мен сканер бар. Кішкентай оқырмандарымызға да қолайлы орта жасалған. Сонымен қатар ауданымыздың ардагерлері де бос уақыттарында барып, кітап оқуына, демалуына жағдай жасалады, – дейді кітапхана басшысы Алма Әбішева.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.