Аудан әкімі Тұңғыш Президент күніне орай жедел-жәрдем автокөлігінің кілтін табыс етті

Өткен сенбі күні аудан әкімі Шота Оспанов жұмыс бабымен Қызбел ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандарды аралады

Оның ішінде М.Дулатов атындағы орта мектебіне ат басын бұрып, жылу жүйесінің қандай қалыпты жағдайда тұрғанын бақылады.

Артынша, ауылдың ақсақалдарымен кездесті. Былтырғы жылы ауыл әкімінің жылдық есеп беру жиынына барғанда ауылдықтар ұсыныс айтып, жедел – жәрдем автокөлігін сұраған болатын.

Аудан әкімі 2019 жылдың аяғына дейін жергілікті бюджет есебінен жаңа автокөлік алып беруге уәде еткен еді. Міне, соның орайы Тұңғыш Президент күні келіп,  жедел – жәрдем автокөлігінің кілтін табыстап, ауылдық ағайынға берген уәдесін орындады.

Ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, аудан басшысына алғыс айтып, ел үшін атқарып жатқан жұмысына табыс тіледі. Аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин да ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, тілектестігін жеткізді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.