Аудан әкімі көпбалалы отбасылардың үйлерін аралап, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні  мерекесіне орай ауданымызда «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды

Аудан әкімі Шота Оспанов бастаған жергілікті билік өкілдері, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин аудан әкімінің орынбасары Роза Аққалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Әбішева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекина, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәуле Дүйсенова әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне арнайы барып, тұрмыс – тіршіліктерімен танысып, аталған акция аясында азық – түлікпен қамтыды.

Аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы көпбалалы аналармен емен – жарқын әңгімелесіп, оларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, отбасылық жағдайларын сұрады. Жалғыз басты аналар аудан басшысына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

“Біздің Торғай”

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.