Арқалықта жаңа архив ғимараты бой көтереді

Арқалық өңірлік архивіндегі ең көне құжат 1918 жылдан сыр тартады.

Бұл ғимаратта кемінде бір ғасырдың тарихы жинақталған деген сөз. Осыншалық байлықты жиған қазыналы мекемеге еңселі ғимарат қажет болатын. Міне, бұл мәселе шешілетін болды. Арқалық қаласында қазыналы үйге бес қабатты жаңа ғимарат салынатын болды.

Жалпы, Арқалық өңірлік архивінің алпыс жылға жуық тарихы бар. Мемлекеттік архив осы уақыт ішінде тоғыз рет көшірілді. Құжаттарды одан әрі қабылдау және сақтау үшін алдағы жылы қала орталығынан арнайы архив ғимаратын салу жоспарлануда.

Арқалық өңірлік архивінің басшысы Сағидолла Байгенжиннің мәлімдеуінше қазіргі таңда облыстық бюджеттен архив ғимаратын салуға жобалық-сметалық құжаттарға 27 млн теңге қаражат бөлінді. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жер учаскесінің жер кадастрлық жоспары негізінде Арқалық қаласы әкімдігінің №334 қаулысымен «Арқалық өңірлік мемлекеттік архивіне» Арқалық қаласының Абай даңғылы бойынан архив салу үшін үш жыл мерзімге тиісті жер телімі берілді. Осы мақсатқа, яғни 500 мың сақтау бірлігіне арналған Арқалық өңірлік мемлекеттік архив ғимаратының құрылысына «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС эскиздік жоба дайындады.

«Қаламыздан жеке архив ғимаратының салынуы өте қуанышты жағдай. Осы уақытқа дейін жүйеге сай емес ғимараттарды жалға алып және оған жыл сайын миллиондаған қаржы төлеп келдік», – дейді Сағидолла Байгенжин.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.