Тігінші қарияның ісмерлігі
Арқалық қаласындағы Жалғызтал ауылының тұрғыны, 90 жастағы қария, “Аламан құрақ” байқауына қатысқан.
Айтулы іс шара Алматы қаласындағы “Медеу” мұз айдынында өткен. Әлмедік рекордты жаңартуған үлес қосқан қария, ел мақтанышына айналды. “Аламан құрақ” әлемдік байқауында бақ сынаған 660 адам бірмезетте құрақ көрпе тігіп, әлемдік рекордтың жаңаруына себепкер болған. Олардың есімі рекорд кітабына алтын әріптермен жазылды.
“Мен әлемдік байқауға қатысқаныма дән ризамын. Осындай жасқа келіп, хас шеберлердің арасында құрақ көрпе тігу бағы бұйырады деп әсте ойламаппын. Бұлда бір ғанибет. Әлемдік рекордты жаңартуға қосқан үлесім жас ұрпаққа үлгі болады деп ойлаймын. Мен бала күнімнен тігін өнеріне құштар болдым. Сол құштарлықты бүгінгі күнге дейін жалғап келемін. Ине сабақтап, тігін тігемін. Әйел адамның істегенін ер адамда істей алады. Тек соған деген талпыныс болса болғаны. Келешекте өскелең ұрпаққа осы бағытта” Шеберлік сыныбын” өткізу жоспарымда бар”,-дейді тігінші қария.
Дәл осы ауқымды іс шараның жалғасып келе жатқанына биыл үшінші жыл. Алғашқыда 200 құрақшы болған. Кейінгі жылы 450 құрақшыға толыққан.
Ал биыл 660 құрақшы әлемдік рекордтың жаңаруына үлес қосты. Соның бірі арқалықтық Сапарбай ата. Тіпті Украина елінен ісмер адамдар келген. Үш жыл қатарынан әлемдік рекордты жаңаруына мұрындық болған жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақшы.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Тарихи жерлермен танысты (далее…)
Жауапты мамандар жоқ (далее…)
Мәдени ошақ жаңа кейіпте (далее…)
Ел мерейін көтерді (далее…)
Тұлғаға рухына тағзым (далее…)
This website uses cookies.