Айбат Әбдір облыстық патриоттар форумында марапатталды

Торғай өңірінде заң мен тәртіпті күзетіп қана қоймай, аймақтың рухани және мәдени өміріне серпін беріп жүрген азаматтар бар

Солардың бірі – Жангелдин аудандық полиция бөлімінің бастығы Айбат Әбдір.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет» атты салтанатты шарада өңір дамуына үлес қосып жүрген белсенділер мен патриоттардың есімі аталды. Олардың қатарында қызметі мен қоғамдық белсенділігін қатар алып жүрген полиция полковнигі де бар.

Айбат Әбдір құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, Торғай даласында ұлттық құндылықтарды ұлықтауды басты назарда ұстап келеді. Ол жерлестерін игі бастамалардың төңірегіне топтастыра білген.

Мәселен, оның тікелей мұрындық болуымен 2023 жылы Арқалық қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Ұлттық спорт аясында бәйге, аударыспақ және көкпардан бәсекелер өтті. Айта кетерлігі, Арқалық өңірінде ат спортынан мұндай ірі жарыс соңғы рет сонау 2005 жылы өткізілген болатын. Осылайша, араға 18 жыл салып ұмытыла бастаған дәстүр қайта жаңғырды.

Полиция бастығының тағы бір ірі жобасы – Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойымен байланысты. Мерейтойлық іс-шараларды дайындау мен өткізуге ол ерекше үлес қосты.

«Айбат Әбдір мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып, жерлестерін ұйымдастырды. Сондай-ақ, мерейтой аясында өткен спорттық жарыстардың жүлде қорын жинауға да бірінші болып қол ұшын созды. Оны туған жердің нағыз патриоты деп нық сеніммен айта аламыз», – дейді форумды ұйымдастырушылар.

Әріптестері мен өңір тұрғындары полиция бастығын тек қатал тәртіп сақшысы емес, елдің руханияты мен ұлттық спорттың жанашыры ретінде таниды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Торғайдың «кішкентай Сұлтаны»

Әнұран ойнағанда қолын жүрегіне қоятын төрт жасар патриот (далее…)

1 день ago

Торғайда «Жыл үздіктері – 2026» анықталды

Жанкелдин ауданында балалар мерекесі қалай өтті? (далее…)

1 день ago

Жанкелдинде 700-ден астам оқушы жазғы лагерьмен қамтылады

Жангелдин ауданында 2026 жылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында оқушылардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.…

1 день ago

Қызылордадан Торғай даласына

7 баласы бар отбасы Шилі ауылының тіршілігін қалай жандандырды? (далее…)

2 дня ago

Торғай өңірінде түйткілдер қалай шешіліп жатыр?

Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы білмейтін адам кемде-кем (далее…)

2 дня ago

Торғай өңірі: Сарысу ауылының әр үйіне таза ауыз су тартылды

Жангелдин ауданына қарасты Сарысу ауылында көптен күткен ауыз су мәселесі шешімін тауып, елді мекен тұрғындары…

1 неделя ago

This website uses cookies.