Жангелдин ауданында мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде
Азаматтық белсенділік – ел дамуының маңызды тетігі.
Бүгін, 29 қарашада, Қостанай облысының Жангелдин ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Саяси науқан аясында аудан бойынша 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп, дауыс беруге құқығы бар 5 мыңнан астам азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Таңғы сағат 07:00-де есігін айқара ашқан сайлау учаскелері тұрғындарды қабылдауда. Аудан халқы өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, жергілікті өкілді органның құрамын жасақтауға өз үлестерін қосуда.
Сайлау – азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына, жергілікті басқару жүйесіне ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Өйткені мәслихат депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тұрғындардың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге айрықша мән беріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір сайлаушының таңдауы – қоғамның дамуына қосылған үлес.

Қазіргі уақытта Жангелдин ауданындағы барлық 23 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31