
Жанкелдин ауданына облыс әкім арнайы жұмыс сапарымен келді
Ауқымды жұмыс атқарылған
Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерей той қарсаңында арнайы келген аймақ басшысы тойдың дайындығын бақылап, әлеуметтік нысандарды аралады. Артынша жергілікті тұрғындармен кездесті.
Сапар барысында облыс әкімі ең алдымен торқалы тойдың дайындық барысымен танысу үшін Қызбел ауылдық округіне апаратын Тоқанай – Саға көтерме жолының ағымдағы жөндеуімен танысып, Алаш көсемі Міржақып Дулатұлының кіндік қаны тамған жер– «Асқар» күзегіне аялдады. Бұл жерге қоршау орнатылып, айналасы абаттандырылған. Күре жол тегістеліп, үстіне қиыршық тас төселген. Қызбел ауылының бес көшесіне және Бидайық ауылының бір көшесі асфальт жабындысы төселген. Ауыл орталығындағы М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Қосымша оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Облыс әкімі ұстаздармен және оқушылармен жүздесіп, жаңа оқу жылын жайлы бастаған ұжымға сәттілік тіледі. Кейін аудан орталығындағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында бір қатар мәселелер көтерілді. Аудан тұрғындары тарапынан алаңдаушылық тудырған сұрақтар қойылып, облыстан арнайы келген басқарма басшылары сұрақтарға жауап берді. Халық тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлерде ескерілді. Облыс әкімі өзінің орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді. Көптің көкейінде жүрген сауал көмір мәселесі бірнеше мәрте көтерілді. Іргеде тұрған Арқалықтан келетін көмірдің бағасы мен жетіспеушілігі халықты былтыр біраз әуреге салған болатын. Осы мәселе жөнінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов облыс әкіміне сауалын жеткізді. Өз сауалында Арқалыққа-Шұбаркөлден поезд вагондары арқылы тасымалданатын көмірдің ең алдымен Торғай, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласын қамтып, бағасында тұрақтандыруын тиісті мекемелерге нақты тапсыруды сұрады. Облыс әкімі бірден тиісті мекемелерге жауапкершілікті міндеттеді. Тұрғындардың көкейіндегі сұрақтар легі бірқатар шешімін тауып, еңсесі көтерілген ел одан әрі торқалы тойға арналған І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының «Міржақып» спектаклін тамашалады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31