Жангелдин ауданы бойынша 24 референдум учаскесі дауыс берушілерге есігін айқара ашты
5 маусым еліміз үшін ерекше тарихи күн болып қаладыСебебі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асып, маңызды шешімдерді қабылдады. Референдум – өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы болды. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгешеліктер мен толықтыруларды ел қолдады. Жангелдин ауданына қарасты барлық ауыл, ауылдық округтердегі референдум учаскелері таңғы 7:00-ден басатап, дауыс берушілерге есіктерін айқара ашты. Аудан бойынша 24 референдум учаскесі жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде 4 референдум учаскесі аудан орталығында. Барлық учаскелер алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге сыйлықтар тапсырды. Дауыс берушілер саны – 6136 адам.
– Елдегі саяси реформалар негізінде Конституциямызға енгізілетін жаңа өзгерістер уақыт талабымен пісіп-жетілген, халық көкейінде жүрген сан сауалдардың нақты жауабы. Жаңа Қазақстан жаңа бағыттарды қолданысқа енгізіп, қарыштап дамитын болады. Референдум – ең маңызды мәселелерді халықпен бірге ақылдасып шешудің негізгі тетігі. Іргелі істерде бұқараның бас болып, өз таңдауын жасауы – ел тұтастығының кепілі, – дейді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серік Бидашев.
Елімізде бұрын-соңды болмаған маңызды саяси-құқықтық, әрі әлеуметтік өзгеріс болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін конституциялық өзгерістер енгізді. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыған Жаңа Қазақстан құрудың ең басты алғышарттары мен әділетті қоғам құрудың басты формасы деп білеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31