61 жастағы веломарафоншы қасиетті Торғай жеріне келді

Рәббім Борашов Маңғыстау өңірінің тумасы

Ол еліміздегі ішкі туризмінің дамуына үлес қосып жүрген саяхатшы. 2017 жылы жұбайы Айзадамен «Ұлытау мұрасы», «Үстірт құпиясы», «Алтай қазынасы», «Оңтүстік аңыздары», «Тылсым Торғай», «Алтын Орда-Үш Қиян», «Баянауыл-Қарқаралы», Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елі қамтыған «Памир асулары» джип-турларына қатысқан, сондай-ақ, «Абылай ханның қара жолы» атты ғылыми-танымдық экспедициясының жазылуына атсалысқан. «Nomad Explorer» мен Тұран университеті ұйытқы болған «Балқаш шақырады» мұз үстіндегі жаяу жүру марафонына бірнеше мәрте қатысты. Тәуелсіз еліміздің жастарына салауатты өмір салтын насихаттау жолында, Тәжен-Бейнеу-Отпан тау мен Бекет атаның арасын (1500 шақырым) шарлаған саяхатшы.

– Бұл сапарымның басты ерекшілігі – сайрап жатқан тас жолдармен емес, құмды-құмайтты, шөлейтті далаларды шарлап келе жатқандығым. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігіміздің бірі – Жезқазған-Бейнеу теміржолы. Соның арқасында Маңғыстау-Алматы арасын поездбен жүру бір күнге қысқарды. Міне, осы шойын жолды жанай жүрдім. Ырғыз-Торғай арасындағы күре жолдың сапасы сын көтермейді. Сол себепті биліктегілердің назарын соған аудару. Торғайдың атақты Тосын құмын басып өту жеңіл тиген жоқ. Бірақ мен тоқтаған жоқпын. Межелеген жоспардан ерте келе жатырмын, – дейді Рәббім Борашов.

Кеше ғана Жангелдин ауданына табан тіреді.Аудан орталығындағы тарихи мұражайларды аралап, балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшыларымен кездесті. Велошабандоз Амангелді ауданының үстінен басып өтіп, Жалдама-Державин-Есіл-Жаңа Қима-Жалтыр елді – мекендері арқылы Нұр-Сұлтан қаласына табан тірейді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.