Жедел ақпараттар тарату ісінің үзідіктері
1961 жылы 1 мамырда Қостанайда ең алғаш телехабарлар таратыла бастаған
Дирекция содан бері көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде өңірде хабар тарату жүйесі толығымен цифрлы жүйеге ауыстырылған. Жобаны іске асыру үшін облыс аумағына алпысқа тарта радиотелевизиялық станса салынды. Соның арқасында өңір тұрғындары телеарналарды сапалы форматта көруде.
Биыл осы облыстық радио, теледидар хабарларын тарату дирекциясының құрылғанына 60 жыл. Мерейтой иелерін арнайы облыс орталығына іс – сапармен келген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтады. Аталмыш шараға, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қазақстан Республикасының облыс радио теледидар хабарларын тарату орталықтарының директорлары мен қызметкерлері қатысты. Аймақ басшысы өз қызметтеріне адал әрі жауапкершілікпен қарайтын сала қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. Осы салада еңбек еткен ардагерлер мен бірқатар жұмысшыларға министрлік және облыс әкімдігі тарапынан құрмет грамоталары тапсырылды. Мерейтой күні марапатталаған 23 адамның үшеуі өзіміздің Шұбалаң Артс-тің қызметкерлері.
1981 жылы ауданымыздағы Шұбалаң жерінде алғаш РТС орнатылды. Аталмыш салада еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет жасаған қызметкерлердің еңбегін атап өтпеуге болмайды. Алғашында 20 қызметкер жұмыс жасаған. Бүгінгі күні құрамында 15 қызметкер бар. Кеңес үкіметінің тұсында, Москва және Алматы қаласының апталық жаңалықтарын жариялап келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін телеарна қызметінің жұмысы ұлғайып, 11 каналдық және сандық Тв, яғни цифрлық жүйеге көшті. Мекеме құрылғанында, алғашқы қиындықтарын, оның алға қарай дамып, бүгінгі күнге жетуіне өзіндік себепкер болған басшысы, қазіргі таңда осы саланың ардагері Мұрат Молдабеков.
Осы салада 35 жыл табан аудармай еңбек еткен азаматтың кеудесіне министр «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. Сондай-ақ, Шұбалаң РТС-тің инженері, 30 жыл қызмет жасап келе жатқан Берік Дүйсенбайұлы министрдің “Құрмет грамотасын” алды. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Шұбалаң РТС-тің элекрик мантиоры Алпыс Ражановқа құрмет грамотасын табыс етті. Алпыс Спабекұлы 5 разрядтты электрик мантиор. 32 жыл осы саланың қыр сырын меңгерген білікті маман. Жиыннан кейін, қызметкерлер арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылған. Спорттан алдарына жан салмайтын ауданымыздың азаматтары жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға кубок, медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31