Жастар саябағы ашылды
Ауылда мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда
“Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламасының негізінде, “Туған жер” кіші бағдарламасы аясында, Тәуіш ауылында жастар саябағы ашылды.
Ауыл тумаларының қолдауымен ашылған саябаққа 4 млн 500 мың теңге қаржы жұмсалған. Ауыл орталығына сән беріп тұрған жастар саябағының ішіне тас төсеніштер төселіп, ағаш орындықтар мен жарық беруші фонарлар орнатылған. Сырты темір шарбақтармен қоршалып, саябаққа 27 түп ағаш отырғызылды.
Бұл Жаркөлдік азаматтардың алғашқы жұмысы емес. Бұған дейінде ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосып келген. Атап айтар болсам, азаматтардың қолдауымен мешіт салынды, ауылдың атауын айшықтап жазды. Сонымен қатар, жақында мектепке заманауи IT кабинет ашылуына мұрындық болды. Қаратүбек орта мектебінің түлектері 1млн 500 мың теңге қаражат жұмсап, сыныпты 10 компьютермен жабдықтап берді. Қазіргі таңда ауылға кең жолақты интернет желісі тартылуда. Ұстаздарда, ата-аналарда дән риза. Қазір цифрлы технологиялар дамыған заман. Балалар үшін компьютермен жұмыс жасап үйреніп, сандық технологиялар бағытында білімдерін арттыруға үлкен мүмкіндік болмақ. Ауыл азаматтарынан бөлек, аудан әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға мәдени ошақтың сырты мен төбесі қапталды. Сонымен қатар, клубтан мектепке дейінгі жол аралығына тас төсеніштері төселді.
Аталмыш ауылдың көркеюі үшін жасалып жатқан істер ауыз толтырып айтарлық .“Туған жерге туыңды тік!” – деген дана халқымыз. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласындағы “Туған жер” кіші бағдарламасының мақсаты да осы. Отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтқан еді. Кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай отырып, оның көркеюіне өз үлесін қосып, келешек ұрпаққа жеткізу керек.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31