Жанкелдин ауданында «Ауыл және мәдениет» жобасы өз мәресіне жетті

Өнерпаздар жоғары бағаланды

Аудандық мәдениет үйі концерт залында «Ауыл және мәдениет» жобасының қорытынды кеші өтті. Айта кету керек, аталған жоба аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызының бастамасымен жүзеге асты
Ауылдық жерлердегі мәдени ошақтармен кітапханалардың бірлесе отырып жұмыс жасап, ауыл мәдениетін жандандыруы жобаның басты мақсаты. Бір жыл ішінде көптеген ауқымды жұмыстар жасалып, қорытынды кеште әр бір ауылдық клубтар мен кітапханашылар жұмыстың нәтижесімен бөлісті. Арнайы макеттер дайындалып, жұмыстарын қорғады.

Аталмыш жоба Жангелдин ауданының рухани-мәдени жаңғыруы деуге болады. Себебі осы уақытқа дейін ауылдық жерледерде жұмыстың қарқынды жүргенін көрмедік. Қазіргі таңда жұмыс қызу жүруде. Келер жылға жоспар құрылып, алдыға қойған мақсатта бар. Жоба барысында ауылдық мәдени ошақтары мен кітапханалардың бірлесуі арқылы ауыл тұрғындарына мәдени шаралар ұсынуды мақсат етіп қойған болатын. Жоба аясында жыл бойы 12 ауқымды іс-шара өткізілді.

Қорытынды кеш жоғары деңгейде өтті. Жоба жайында, он екі айда атқарылған жұмыстарды саралап, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысы Жанар Асанқанқызы баяндама жасады. Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы жобаның сәтті аяқталуымен қалың көпшілікті құттықтап,жылы лебізін арнады.

Жоба қорытындысы бойынша «АУЫЛ және МӘДЕНИЕТ» жобасы аясында «Жоғары кәсіби жетістіктері мен ауылдық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясымен «Бидайық ауылдық кітапханасы», «Көлқамыс ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы», «Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы», «Қызбел ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы», «Сарысу ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы», «Шилі ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы», «Ақкөл ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы» марапатталды.

Жүлделі 3 орынды «Милісай ауылдық мәдени клуб үйі» мен «Шеген ауылдық кітапханасы» иеленсе, «Көкалат ауылдық мәдени клуб үйі» мен «Жаркөл ауылдық кітапханасы» екінші орынға табан тіреді. Жүлделі 1 орын «Ақшығанақ ауылдық мәдени клуб үйі» мен «Аралбай ауылдық кітапханасы» жеңіп алды. «Қалам-қарасу ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы» және «Сужарған ауылдық мәдени клуб үйі мен кітапханасы» «ҮЗДІК » деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы мадақтамалар, жеңімпаздарға бес домбырадан сыйлыққа берілді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.