Жанкелдин ауданының жас талант жүлдемен оралды
Астана қаласындағы «ASIA TALENTS» халықаралық тбайқауы
Аталмыш байқауға «Dan-As» шығармашылық орталығының оқушысы Айназ Қарағұл қатысып, бақ сынаған еді. Құрманғазының «Төремұрат» күйін асқан шеберлікпен орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Әр өңірден келген қатысушылар арасында «Аспаптық өнер» жанры бойынша әділ қазылардың шешімімен Айназ Кемеңгерқызы жүлделі бірінші орынға лайықты деп танылды. Жетекшісі Перизат Қалабайқызы.
«Көптеген байқауларға шығып, өнер көрсетіп жүрмін.Десекте әр байқауда сахнаға бірінші шыққандай сезімде боласың. Ол әсерді барлық өнерге жақын жандар түсінеді деп ойлаймын. Сахнаның киелігіде осында болар. Десекте, көптеген дайындықтан кейін жүлделі орынға ие болатынымды іштей сездім. Осы орайда, бізге түрлі байқауларға қатысуға мүмкіндік беріп отырған шығармашылық орталығына ризашылығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, жетекшім Перизат Қалабайқызана алғыс білдіремін», – дейді жеңімпаз.
Анасының айтуынша, Айназ кішкентайынан өнерге жақын. Домбырадан бөлек, би және жетіген бөлімдерінде оқыған. Бүгінде үлкен сахналарда өнер көрсетіп, көптеген байқауларды бағындырды. Бойына туа біткен дарынды, үлкен еңбектің арқасында жанына серік етіп жүр. Кез -келген шығарманы дауыс ырғағын тыңдап отырып үйреніп алады екен. Көп жағдайда ноталарды қолдана бермейтінін де сөз арасында тілге тие етті. Болашағынан зор үміт күтуге болатын дарынды оқушының әлемдік сахналарда өнер көрсетуіне тілектеспіз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31