
Жанкелдин ауданының жас дзюдошылар биік белестерді бағындырды
Бозкілемде бақтары жанды
Қазіргі уақытта аудан өңірінде мәдениет пен спорт саласы жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Әсіресе, спорт саласындағы жетістіктер апта сайын болып жатыр. Бұл біздің аудан үшін жоғары көрсеткіш. Мәселен, осыдан 4 ай бұрын басталған дзюдо күресінен «Олимпиада арманы» облыстық турниріне 2011 – 2013 жылы туған жасөспірімдер қатысып, жақсы жетістіктің жаршысы болды. Бастапқы да байрақты бәсекеге 16 команда қатысқан. Бозкілемде белдесіп, қарсыластарын тізе бүктірген жас дзюдошылар жанкүйерлердің делебесін қыздырып, аталған турнирдің шырайын келтірген. Ақтық бәсекеге ең мықты 8 команда шығып, өзара бақ сынасқан. Оның ішінде аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінде тәрбиленіп жүрген жас спортшыларымыз іріктеу кезеңінде жақсы көрсеткіш көрсете білген. 35 кг салмақта Данияр Қабен, 38 кг салмақта Әліби Амандық, 42 кг салмақта Нұрәділ Байжан, 46 салмақ дәрежесінде Санжар Мұхитұлы, 50 кг салмақ бойынша Елдос Төлеухан, 55 кг салмақта Бекайдар Ерланұлы, 60 кг салмақ бойынша Абдуннұр Қосылбек, 66 кг салмақта Дамир Бейбітұлы, 66 кг салмақта белдескен Төлеген Амандық 3 орын иегерлері атанды. Жалпы, командалық есеп бойынша үшінші орнынның тұғырынан көріне білді.
Дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Ерлан Әлиевтің еңбегі ақталды. Үміт артқан шәкірттері биік белестерді бағыдырып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31