
Жанкелдин ауданының Сужарған ауылында ауқымды жұмыстар атқарылуда
Елді мекеннің әлеуметтік – экономикалық дамуы ілгерлеп келеді
Ауданнан 25 шақырым жерде орналасқан Сужарған ауылының бүгінгі күні тұрмыстық жағдайы жақсы. Жалпы ауылда халық саны – 357. Аула саны-58. 72 отбасы бар. Биылғы жылы 6 нәресте дүниеге келген. Ауыл бойынша жұмыс істейтіндер саны-84, зейнеткерлер -22, 14 студент бар. Жұмыссыздар саны – 43 адам. Бір отбасы атаулы көмек алады. Маусымдық жұмысқа 2 адам, қоғамдық жұмысқа 8 адам тартылған. «Жастар практикасы» бағдарламасымен 2 жас маман әкімшілікке жұмысқа орналасқан. Ауылда 2 сауда дүкені,1 медпункт халыққа қызмет жасайды. Оқу сапасыда жаман емес. Мектепте 31 мұғалім бар. Педагог-сарапшы-2; педагог-модератор-22. Былтырғы оқу жылын Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 74 оқушы аяқтаған.Оның ішінде 11сыныпты 5 түлек тәмамдаған. Мектепте 9 оқу озаты, 31 оқу екпіндісі бар. 2025-2026 оқу жылында мектепке мектепалды даярлық сыныбын қосқанда барлығы 74 оқушы, шағын орталыққа 16 тәрбиеленуші қабылданған.
Сужарған ауылы бойынша шаруа қожалықтарды қоса алғанда 2 мың 200 тонна 1 жылдық мал азығын дайындау жоспары қойылған. Казіргі уақытта шөп дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр 1 мың 980 тонна мал азығы дайындалды 95 % пайыз қамтылып отыр. 22 дана тракторлар мен 26 қосалқы агрегаттар жұмырылдырылды. Ауыл әкімшілігі, ауылдық клуб, мектеп, кітапхана қысқы отынмен толық қамтамасыз етілген. Ауыл тұрғындарын қысқы отынмен қамтылу жұмыстары жүргізілуде.
Сужарған ауылында инфрақұрылым жұмыстарынада көңіл бөлінген. Бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2025 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарына сәйкес , биылғы жылға елді мекеннің санитариялық тазалығына және аббаттандыруға 2 000 000 теңге қаражат бөлініп, осы қаражатқа күл – қоқыс төгетін полигон сырылды және балалар ойың алаңына спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Баннерге 83 000 теңге қаржы бөлініп, толық игерілген. Ағымдағы жылы қар шығаруға облыстық бюджеттен 1 миллион теңге қаражат бөлініп, наурыз айында 800 м3 қар шығарылды. Cужарған ауылының «Байтемір» көшесінің атауы жергілікті жердің тумасы ҰОС ардагері в Ғабдікен Мананов есімін ауыстырылып, сол көшенің үйлеріне мекенжай тақтайшасы ілінді. Ғ. Мананов ұрпақтары демеушілігімен сол көшеге 8 млн теңгеге еврошарбақтар орнатқан. Ауыл кіреберіс жолын асфальттауға облыстық бюджеттен 63 964 000 тенге қаржы бөлініп қазіргі таңда асфальттау жұмысы жүргізілуде. Клуб үйіне жөндеу жұмысына 13 млн тенге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Міржақып Дулатұлы 140 жылдық мерейтойында Сужарған ауылы белсенділік танытып атсалысты. 2 киіз үй тігіп, келген қонақтарға қонақасы берді.Сондай-ақ, ауылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар жұмыстар атқарылған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Бұл – жай науқан емес, бұл –халқымыздың көзқарасын, болмысын өзгерте алатын өте маңызды жоба. Осы бағдарлама шеңберінде ауылымызда бір қатар жұмыстар атқарылды. Ауылымыздың көшелері, ауылға кіреберіс жол, жеңіс саябағы және ойын алаңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Ағаш түптерін ақтау, сынған бұтақтарын алу, ағаш,гүл отырғызу сияқты біршама жұмыстар атқарылды. Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні Сужарған ауылында клуб үйіне, әкімшілік, кітапхана ғимараттарының алдына ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мерген АБ» жеке шаруа қожалық иесі Асқар Бекмағамбетов Сужарған ауылының көшелерін тегістеп берді. Балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы сыртқы қоршауларын дұрыстап, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Көше атауларындағы тақтайшалары қайтадан жаңартылды. Ауылға кіреберіс белгісі жаңартылып сырланды.Сужарған ауылының саябақтың ішінде орнатылған Торғайдан түлеген Алаштың арыстарына арналып жасалған баннері жаңартылды. Сужарған ауылы клуб үйінің сыртқы қоршаулары талапқа сай қалпына келтірілді. Өзен жағалауларына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Жеңіс саябағы алдын жаңа талапқа сай қоршаулар орнатылды. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта әліде жұмыс жасайтын боламыз»,-дейді ауыл әкімі Досбол Тайшан.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: Бағдат Айсағалиев
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31