Олар Алматы қаласында демалады
Жанкелдин аудандық білім бөлімі жыл басында өздерінің жүйелі жоспарларын бекіткен. Яғни, жазғы демалыста мектеп оқушылары сауықтыру мен демалыс орындарына бару жоспары ата аналардың келісімімен жасалған. Бүгін 10 оқушы Алматы қаласындағы “Балдәурен” жазғы лагеріне кетті.
“Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу үшін біз қолымыздан келгенді жасаймыз. Биыл мектеп оқушылары Қостанай, Алматы қалаларында демалады. Алматы қаласына бара жатқан балалар өнер, мәдениет, спорт саласында жетістікке жетіп жүрген оқушылар. Олар Қонаев ауданында болады. Тау бөктерінде демалып, әр күндерін қызықты өткізеді” —дейді білім бөлімінің әдіскерім Гүльфира Кентаева.
Ата аналар балаларын шығарып салып, ақ жол тіледі. Оқушылар жазғы демалыстарын әр қалада өткізіп, естелік сәттерін есте сақтайтын болады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
«Тазару күніне» орай аудан тұрғындары игі іске жұмылды (далее…)
Тұрғындар ұлттық тағамдар мен киіз үйлер көрмесі арқылы мерекенің көрігін қыздыра түсті (далее…)
Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
Ұрпаққа өнеге болған Қабден Ерәділовтің еңбекке толы өмірі. (далее…)
Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…
This website uses cookies.