Жанкелдин ауданының кішкентай бишілері халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды
Жас өнерпаздардың мерейі үстем болды
Қостанай қаласында креатив конкурс орталығының ұйымдастыруымен «Танцуем все вместо» атты халықаралық би байқауы өтті.
Ауданымыздың намысын қорғап, бақтарын сынауға барған «Dan – As» шығармашылық үйірмесінің «Еркетай», «Күншуақ», «Лаула» би тобының кішкентай бишілері облыс жұртшылығын өнерлерімен тәнті қылып, бас жүлдені жеңіп алды.
«Бұл байқауға көп дайындалдық. Тынымсыз еңбек пен ізденісті талап ететін би өнері біз үшін бірінші жолда тұрады. Мен өзім бала күнімен би өнеріне деген құштарлығым артты. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің би бөлімінде оқыдым. Мектепті аяқтап, би өнері бойынша жоғары оқуға түстім. Одан кейін елге келіп өзім білім алған өнер мектебінен алғашқы еңбек жолымды бастадым. Жаңадан ашылған «Dan – As» шығармашылық үйірмесіне қосымша жұмысқа тұрдым. Менің кішкентай шәкірттерім үмітімді ақтап келеді. Осы байқауға 45 би тобы қатысты. Біздің ауданнан барған үш би тобы қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені иеленді. Бұл мен үшін де ауданымыз үшінде үлкен мәрте», – дейді би тобының жетекшісі Сымбат Ерік.
Осы уақытқа дейін кішкентай бишілер тобы облыстық, республикалық байқауларда жүлдені алдын бермеген еді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Сымбат Таңатқанқызы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31