Жанкелдин ауданының әкімі өз өтініші бойынша қызметінен босады
Абыройлы қызмет атқарды
Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы өкімімен Шота Оспанов Жангелдин ауданы әкімі лауазымынан өз өтініші бойынша босатылды.
Шота Сәбитбекұлы 2017 жылдың маусым айында Жангелдин ауданы әкімінің лауазымына тағайындалған болатын. 7 жыл еліне абыройлы қызмет істеген азамат елдің алғысына бөленді. Аудан өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосты. Өзіне міндеттеген жауапкершілікті мінсіз атқарды. Аудан көлеміндегі инфрақұрылым жобаларына баса мән берді. 40 жыл жөндеу көрмеген көше асфальттарын қайта жаңалады. Жегргілікті тұрғындарға қолайлы жағын қарастырып, арнайы жаяу жүргіншілер жолын төсеуге мұрындық болды. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына біле сыбана кірісті. Біреше саябақтардың салынуына ықпал жасады.
Бүгін аудан басшысы әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиын өткізіп, мекеме, кәсіпорын басшыларына алғысын жеткізді. Бірге қызмет істеп, ауданымыздың дамуына үлес қосқан үшін оларға да шексіз ризашылығын айтты.
«Мен 7 жылдай әкім болдым. Сіздермен бірге қоян – қолтық жұмыс істедім. Сіздердің қолдауларыңызбен аудан көлемідегі ауқымды жұмыстарды жүзеге асырдым. Қызмет бабында қатты айтып, көңілдеріңізді қалдарсам, шын жүректен кешірім сұраймын. Бірқатар жобаларды жүзеге асырдық. Алда тағы да ауқымды көлемі кең жобалар бар. Жаңа келген әкіммен бірлесіп жұмыс жасап, Торғай жерінің өркендеуіне үлес қосады деген сенімдемін», – деді Шота Сәбитбекұлы.
Мекеме, кәсіпорын басшылары да өз ойларын айтып, алғыстарын білдірді. Елге жаны ашып қызмет істеген аудан басшысының келесі қызметіне табыс тіледі.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретт: Аудан әкімінің сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31