Жанкелдин ауданының байырғы тұрғыны қарт журналситке құрмет көрсетілді

Ақын, сатирик Сағи Әбілхасенның елеулі еңбегі еленді

Аудан әкімі Шота Оспанов арнайы ат басын бұрып, С.Мәуленов көшесінде тұратын, қазіргі Арқалық қаласының тұрғыны ақын, стирик Сағи Әбілхасеннің үйіне барды. 88 жасқа келген қарт журналистке сәлем бере барған аудан басшысы ол кісінің қуанышымен бөлісті. Қазақстан Жазушылары Одағының куәлігін және төсбелгісін салтанатты түрде табыстап, иығына шапан жапты. Дән риза болған қария ақ батасын берді. Ел үшін атқарып жатқан игілікті істеріне сәттілік тіледі.
«Рахмет айналайын. Мен кезінде әкең Сәбитбекпен қызыметтес болдым. Білім саласында біраз жылдар жұмыс істедік. Өте салмақты, байсалды, сабырлы кісі болатын. Сенде міне елге қызмет істеп жатырсың. Осы Торғай жерінің өркендеп дамуына үлес қосып жүрсің. Әрбір перзент туған жеріне қызмет ету керек. Себебі, ол әр адамның борышы. Жоғары дәрежелі марапатымды өз қолыңмен әкеліп, табыстап жатырсың. Қуанышымды бөлісіп келгеніңе шын жүректен алғысымды білдіремін. Сендердің де еңбектерің еленіп, марапатқа ие бола беріңдер. Қайда жүрсеңде жолың ашық болсын. Ел игілігі жолындағы қызметіңде абыройлы бол. Отбасыңа береке бақыт тілеймін. Алла зор денсаулық берсін», – деді қарт журналист.
Түріне қарап егде тартқан кісі демесеңіз Сағи әкеміздің қолынан әлі күнге қалам түскен емес. Негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Амангелді орта мектебінде дәріс берді. Кейінгі жылдары журналистика саласына бет бұрып, очерк, мақала жазып жүрді. «Жаңа Өмір», Торғай облысының «Торғай Таңы» газеттерінде және Қостанай облыстық «Қостанай Таңы» газетінің Жангелдин ауданы бойынша меншкті тілішісі болып қызмет істеді. Әр жылдары орталық және облыстық баспадан шыққан «Көңіл құсы», «Таң қаласың», «Шарапат», «Ізет», «Байпақ сот», «Сағидің сықақтары», «Ұлағат» және «Таңатқан палуан» кітаптарының авторы. Тобыл-Торғай өңірінде шығармашылық еңбегі жоғары бағаланып, 2012 жылы Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері атанды. Қазақстан Журналситтер Одағының мүшесі болды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.