
Жанкелдин ауданында “Жасыл ел” жасақтары өз жұмысын бастады
Еңбекке баулудың тәсілі осы
Алғашқы маусымға 25 бала қабылданған. 11оқушы 8сағат, 14 оқушы 4 сағаттық жұмыспен қамтылып отыр. Жұмыс кестесіне сәйкес 8 сағатқа 85 мың теңге төленсе, 4 сағаттық жұмыс 42500 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда көп бөлігі жоғарғы сынып оқушыларынан құралған. Студенттер демалысқа енді келуіне байланысты, екінші кезеңге тіркелуде. Жастардың қызығушылығы жыл санап артып келеді дейді ұйымдастырушылар.
«Жасыл ел бағдарламасының жастарға берер пайдасы мол. Жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырудан бөлек жаңа орта қалыптастырып, өз қажеттіліктеріне аз болсада адал еңбектерімен қаражат табу. Жасыл ел жасақтары өте ұйымшыл келеді, бос уақыттарын еріктілік жұмыстарға арнап қоғамға өзіндік пайдаларында тигізуғе ықпал жасап жүр. Жұмысқа талпынушщы жастардың саны артып келетіні де бізді қуантады», -дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлік Қуанышұлы.
Жасақ құрамы толық қажетті жабдықтармен, киімдермен қамтылған. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жастар белсенді жұмыс жасауда. Екінші ауысымға 30 бала қамтылып жұмыс жасайтын болады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31