Жанкелдин ауданында қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп, қатты отын мекемелер толық қамтылуда
Қыстың қамын жаз ойлаған дұрыс
Биыл қыс мезгілі ақ түтек боран мен сары аяз болады деген болжам айтылуда. Осыған орай аудан әкімі бірқатар мекемелерді аралап, от жағатын орындар мен қазандықтарды тексеріп шықты. Мекеме, кәсіпорын басшыларының мәліметіне сүйенсек, «қыс мезгіліне сақадай сай отырмыз» дейді. Әсіресе, аудан, ауыл, ауылдық округтердегі білім ошақтары қысқы отынмен толығымен қамтылған. Ал, аудан орталығындағы кейбір мекемелер әлі асығатын емес. Олардың айтуынша ұтып алған мердігерлер келісім шарт бойынша қыркүйек айының аяғына дейін жеткізіп береді екен. Әлеуметтік нысандар өздеріне тиесілі көмірді түсіріп алған.
«Біз көктем айынан бастап, портал арқылы көмірге конкурс жариялаймыз. Конкурсқа түскен мердігерлер біз қойған баға ұсынымымен келіспей жатады. Себебі, аудандарыңыз шалғайда орналсқан барып келуімізді ақтаймайды деген сылтаулар айтады. Амалсыздан көмірдің бір тоннасын 22- 23 мың теңгеден қоямыз. Біздің ауданға «Қаражар», «Шұбаркөл», «Майкөбен» көмірлері көптеп келеді. Қазіргі уақытта барлық мекемелер мен кәсіпорындар 85 пайыз көмірмен қамтылды», – дейді аудандық ЖҚХ бөлімінің басшысы Серік Айтқұлов.
Аудан орталығында жеке кәсіпкер болып тіркелген камазисттер бар. Олар жыл сайын аудан, ауыл тұрғындарын көмірмен қамтып отырады. Былтырғы жылығ 1 тонна шұбаркөлдің бағасы 25 мың теңге болды. Ал, биыл 26 мың теңгеден сатамыз деп өздері шешім шығарған. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс істейтін мекемлерге осы мәселені қолға алу керек. Әлі жерге қар түскен жоқ. Сондықтан көмір бағасы халыққа тиімді болу қажет. Оның үсітне кейбір камазисттер 288 шақыр жердегі Арқалық қаласынан тасып, қосымша пайда тапқысы келеді. Атымтай – жомарт кәсіпкерлер жыл сайын «Оспанқожа әулие» мешітіне өздері демеушілік жасап, тегін көмір түсіріп береді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге қысқы отынды аудан әкімдігі тарапынан арзан бағада беріледі. Коммуналдық кәсіпорынның техникасына жанар – жағармай құйып, Арқалық қаласынан әкелген көмірді тізім бойынша жоғары да аталған адамдарға бірінші кезекте береді. Артылғанын қарапайым халыққа арзан бағамен сатады. Қысқасы, биыл қысқы отын мәселесін ешқандай қиындық тудырмайды деген сенім бар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31