
Жанкелдин ауданындағы диқаншылар егін себу науқанына қызу дайындық үстіне
Егістік көлемі молаяды
Биыл диқаншылар білек сыбанып, егін себу науқанына кірісуге әзірленіп жатыр. Мамыр айында 37 125 гектар жерге дәнді дақылдар себіледі деген жоспар бар. Оның ішінде 32056 га бидай, 496 га арпа, 170 га суданка, 4403 га майлы дақылдар егіледі деп күтілуде. Өткен жылы 28 389 гектарға бидай егіп, 23213 тонна өнім алған болатын. Ал, арпаның орташа түсімі 2033 тонна, майлы дақыл 6000 тоннаны құраған.
Аудан көлемінде егін шаруашылығымен айналысатын 20 шаруа қожалығы, 3 жауапкрешілігі шектеулі серіктестігі бар. Олар көктемгі егін науқанына қызу дайындық үстінде. Техникалары сақадай сай тұр.
«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизельдік отынға 20 шаруа қожалықтары 773 тоннаға электронды өтінім беріп қойды. Бір литр дизельдік отынның бағасы 254 теңге болып бекітілді. Қазіргі таңда барлық шаруа қожалықтары келісім-шарт жасап, тасып алып жатыр. Егін себу науқанына 2,5 мың тонна тұқымдық астық дайындау жоспарланған. Тұқымдық астық толығымен дайындалып, тұқым анализдік лобараториялық сараптамадан өтті. «Кең-Дала 2» бағдарламасына «Бейсен-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестегі қатысып, 490 млн теңге және «Алмас» шаруа қожалығы 50,0 млн теңге несие алды. Басқа қатысуға ниет білдірген шаруа қожалықтары болмай тұр. Мүмкін алдағы жылы райларынан қайтып, мемлектеттік бағдарламаларға қатысады деген үміттеміз. Бүгінгі таңда түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернұр Иманғалиев.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 900 тонна минералдық тыңайтқыштар (300 тонна – аммиак селитрасы, 600- тонна Аммофос) алуға тапсырма берген. Қазіргі уақытта 200 тонна «Аммофос» алуға «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Еркебұлан» шаруа қожалығы, «Нұржан» шаруа қожалығы, «Алмас» шаруа қожалығы, «Кошкодан С.И.» шаруа қожалығы және «Torgai Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Новонежинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісім-шарт жасалып, толыққанды түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31