Жанкелдин ауданында құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында жалпы ата – аналар жиналысы өтті

Бала тәрбиесі назарда болсын

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы ата – аналар жиналыс өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасым және жергілікті полиция бөлімінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Раушан Жаппарова, «Буллинг» және «Кибербуллинг» жайында баяндама жасап, кеңінен түсінік берді. Аталмыш сөздердің түпкі мәнісіне зейін қойсақ, адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу, оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, зорлық – зомбылық көрсету мағынасын білдіреді екен. Баяндамашы сөзін қорытындылай келе, мұндай келеңсіздік жағдайлар әзірге аудан мектептерінде орын алмағандығын айтты.

Аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Айым Құбаш, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлімжеттік көрсету, бопсалау, буллинг, кибербуллинг, «Есірткі қылмысы, оларды сақтау, тасымалдау, сату, нашақорлықтың зияны»» «Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік туралы ақпарат», «Интернет алаяқтық жасаудың алдын алу, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу», сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат түнгі 23:00 ден таңғы 06:00 ға дейін жүрген мектеп оқушылары мен ата – аналарының үстінен әкімшілік іс қозғалады. Сондықтан балаларыңызға ескертіп, түнгі уақытта көшеге шығармауларыңыз сұралады», – деді.

Полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитан Азамат Мұстафа, әлем бойынша белең алып бара жатқан интернет алаяқтары жайында мағұлұмат берді. 2024 жылы ауданда екі адам интернет алаяқтарының құрбаны болған. Биыл келеңсізідктер орын алмағандығын тілге тиек етті. Себебі, түсінік жұмыстары өз нәтижесін беріп отырғандығын алға тартты. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы жиынды қорытындылап, көтерілген мәселелерге түсінікпен қарап, бала тәрбиесіне бас мән беру керектігін жеткізді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы, облыстық байқауларда топ жарып, республикалық байқауға жолдама алған мектеп оқушыларын алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сондай – ақ, «Талапты да талантты ұрпақ тәрбиелеп отырған» ата – аналарға да алғысын білдіріп, алғыс хаттар тапсырды.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: Бекзат Болат

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.