Ойын жеңімпаздары анықталды
Денешынықтыру –сауықтыру спорт кешенінде, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Студенттердің демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған ауыл, ауылдық округ және Торғай ауылы орталығындағы мекемелердің ерлер және қыздар командалары арасында өткен аудан біріншілігі жоғары деңгейде өтті. Аталған ойынға 8 команда қатысып, көрермендерге тартысты ойын өрнегін көрсетті. Команда құрамы төрт ер және екі қыз баладан құралды.Ойын айналмалы жүйеде өтті. Ақтық ойында Ш.Уәлиханов орта мектебі, Жаркөл, Ақшығанақ ауылдық округінің құрама командалары кездесіп, нәтижесінде екі қарсыласын жеңген Ш.Уәлиханов мектебінің құрамы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жүлделі екінші орын Ақшығанақ ауылдық округінің студенттеріне бұйырса, үшінші орынды Жаркөлден келген құрам иеленді. Жеңіске деген жігерлігі үшін номинациясын «Мемлекеттік қызметкерлер» командасы місе тұтты. Ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, көзге түскен спортшылар арнайы номинацияларға ие болды.
«Екі күнге созылған ойын көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Ойын тартысты, қызықты өтті. Жалпы ауданда волейбол ойынына қызығушылық өте жоғары.Жарыста жиі ұйымдастырылып тұрады. Студенттер үшін арнайы өткен ойынға ауа райының қолайсыздығына байланысты кей бір командалар келіп қатынаса алмады. Қызығушылық танытып, арнайы кеп қатысқан командаларға ризашылығымызды білдіремін, »-дейді денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов.
Жеңімпаздар мадақтамалар мен ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ, ФОТО СУРЕТІМЕН
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.