Жанкелдин ауданында су жырған жолдар қалыпқа келтірілуде

Тасқын судан зардап шеккен аудандардың бірі әрі күрделісі Жанкелдин ауданы болып саналады.

Қаншама елді мекендер су астында қалды. Мал шығыны әлі күнге анықталуда. Су басу қауіпі сейілген ауыл тұрғындары отбасыларымен қауышты. Үйлерін су шайып кеткен кейбір ауылдық ағайындар уақытша киіз үйлерді паналап отыр. Қарқыны қатты тасқын судың зардабы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жырып, көлік қатынасы кілт тиылды. Бұған дейін су ортасында қалған ауылдарға тікұшақпен азық – түлік жеткізілген еді. Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың талабын ескеріп, Шұбалаң – Қарасу жолын уақытша қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап кетті. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 27 млн теңге бөлінген. Мердігер Қостанай ауданынан «Казтрансжол» және Рудный қаласынан келген «Танар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

-Шұбалаң – Қарасу бағытындағы көтерме жолды 30 жерден жырып кеткен. Шұбалаң – Көкалат – Көлқамыс ауылына дейін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасады. Мердігер жергілікті жердегі камаз автокөлігі бар азаматтарды жалдау мақсатында жұмыспен қамтуда. Су беті қайтып, жер құрғағасын барлық жолдарды талапқа сай жөндейтін боламыз. Ол үшін республкалық, облыстық, аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлінетін болады. Сметалық құжаттарды дайындап, нақты қажет қаражатын анықтап, жоғары жаққа ұсыныс береміз. Ал, әзірге көлік қатынасын тоқтатпас үшін уақытша жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр, – дейді аудандық ЖҚХ бөлімінің басшысы Серік Айтқұлов.

Жол қатынасы үзілгелі айға жуық уақыт болды. Торғай – Арқалық бағытындағы тас жолды қалыпқа келтіру үшін жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күні жолаушылар мен таксистер Қостанай қаласына Торғай – Шилі арқылы қатынап жатыр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.