Жанкелдин ауданында студенттер мен жастар мерзімдік жұмыспен қамтылды

«Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулиды

«Жасыл  ел»  жасақтарының  алғашқы  маусымы  өз  жұмысын  бастады. Бірінші  маусымға  25  бала  қабылданған.  Студенттер  әлі  демалысқа  шықпағандықтан,  алғашқы  маусымға мектептің 10сынып  оқушылары  тартылған. Өз еріктерімен жұмыс  жасауға  ниет  білдірген оқушылар  уақыттарының  тиімді,  әрі  көңілді  өтіп  жатқанын  айтты. Арнайы  белгіленген  орындарда,  тиісті  жұмыстарын  атқарып  жүр. Кей  бірі  4 сағатттық  жұмысқа  қабылданса,  ер  балалардың  басым  бөлігі 8 сағаттық  жұмыс  кестесімен  жұмыс  жасауда.

«Жасыл  ел» бағдарламасы  жайлы  студент  ағамнан  көп  естейтінмін.  Жылда  оқудан  демалысқа келгенде  жұмыс  жасайтын.  Қызығушылықпен  менде  келіп жұмысқа  өтінім  бердім. Алғашқы  маусымның  жұмысы  сәл  қиындау.  Себебі  қыстан  шыққан  қоқыстар тазалау,  көшеттерді астарын  қопсытып,  реттеу  сияқты   жұмыстар  болады. Одан  бөлек, артық өскен  шөптерді  жұлып тазалау,  ағашқа  су  қою  деген  сияқты  күнделікті  жұмыстар  жасаймыз. Десекте,  көңілді  ортамен кез -келген  шаруаны  тез  орындап  жүрміз. Келіп  жұмыс  жасауға  ниет  білдіргеніме  еш  өкінбеймін. Өзім  көп  балалы отбасында  тәрбиеленіп  өстім. Маңдай  теріммен  тапқан  алғашқы жалақымды  үйдегілерге  апарып  берсем  деймін. Қазіргі  таңда  4 сағаттық  жұмыс кестесімен жұмыс  жасаймын»,-дейді жасыл  ел  жасақтарының  мүшесі  Нұрай  Жарқынбайқызы.

Аталмыш  бағдарламаның   жастарға  берері  мол.  Қоршаған  ортаның  тазалығын  қадағалап қана  қоймай,  уақыттарын  да  тиімді  өткізеді.  4 сағаттық  жұмыс  кестесімен  42500 теңге  жалақы  алса,  8  сағаттық  жұмыс  кестесімен  85000 мың  теңге  алады. Екінші  маусымға  құжаттар  қабылдау  жүріп жатыр. Құжаттарды  Торғай  ауылы  әкімшілігіне  барып  тапсыра аласыздар.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.