Ұстаз ұлылықтың бастауыАудандық мәдениет үйінде ұстаз мерекесіне арналған “Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік” атты мерекелік концерт өтті.
Бастауыш сыныптары ардагер ұстаздарға гүл шоқтарын табыстады.
Аудан әкімі Шота Оспанов барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
“Білім саласына мемлекет тарапынан қолдау көп. Болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздар бар. Бірақ білім сапасының көрсееткіші теңізге тамшы тамғандай ғана. Әлі де көп ізденістер керек. Еңбектеріңіз еленіп, мол табысқа кенеле беріңідер” — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, білім министрлігінің, облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсырды.
Б. Хамзин атындағы өнер мектебінің оқушылар мерекелік концерттерін тарту етті. Ұлы тұлғаны ұлықтай білетін ұрпақтың болашағы қашанда зор болады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
ФОТО: автор
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.