Жанкелдин ауданында «Соңғы қоңырау» соғылды 10 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Жанкелдин ауданында мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды.

Биыл өңір бойынша 181 оқушы 11-сыныпты аяқтап отыр. Ресми мәліметке сәйкес, аудан бойынша мектеп бітірушілердің үлгерімі жоғары. Түлектердің ішінде 10 оқушы «Алтын белгіге», ал 29 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Аудандағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 79 түлекке арналған салтанатты шара ерекше толқыныспен өтті.

Мектеппен қоштасу жиынына Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев және Жанкелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы арнайы қатысып, жас толқынға сәт сапар тіледі.

«Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімін иеленген бұл мектептің орны бөлек. Алда үлкен өмір мектебі мен жауапты кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Аудан мақтаныштарына ақ жол, асқақ армандарға жетуді тілеймін», – деді аудан әкімі Дінмұханбет Серікұлы.

Салтанатты шара барысында дәстүрлі білім кілтін табыстау рәсімі өтіп, 11-сынып оқушылары мектеп аманатын кейінгі толқынға жолдады. Түлектердің орындауындағы мектеп вальсі, заманауи флешмобтар мен «Қош бол, алтын ұям!» атты жүрекжарды қоштасу сөздері жиналған қауым мен ұстаздардың көңілін толқытты.

Ата-аналар қауымы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға мың алғыс білдіріп, балаларға ақ тілектері мен баталарын берді.

Еске сала кетейік, еліміздің барлық мектептерінде қорытынды емтихандар мен ҰБТ кезеңі басталады. Жанкелдин ауданының әкімдігі мен білім бөлімі түлектердің емтихан тапсыруына толық жағдай жасалғанын хабарлады.

Оқу жылының аяқталуына орай еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағаттарында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен жарқын сәттері еске алынды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер аудандық білім бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

1 день ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.