
Жанкелдин ауданында өнер майталманының шығармашылық кеші өтті
Тамылжыған ән кеші
КСРО Мәдениет ісінің үздігі, Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», өнер жанашыры Рысты Ерденқызының «Өнермен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.
Бала кезінен өнерді жанына серік еткен өнер иесі мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Өмірін өлеңмен, өнерін ғұмырымен ұштастырған кеш иесі өлең өлкесіндегі сырларымен бөлісті. Жас кезінде тамылжытып ән салып, жергілікті сазгерлердің әндерін насихаттады. Театр сахнасында да басты кейіпкерлердің рөлін сомдап, елдің алғысын алды. Ал, кеш барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әуезді әндерді шырқады. Театр әртістері кеш иесінің жас кезін сомдап, қайта оралмас жастық шағын бір сәт еске салды.
«Кеш барысында ән мен күй, өлең мен жыр өріліп, өнерпаздың шығармашылық жолы мен өнерге қосқан үлесі кеңінен насихатталды. Жиналған көрермендерге Рысты Ерденқызының жүрек тебірентер әуезді әндері, сырлы жырлары ұсынылып, сахна төрінде шәкірттері мен өнердегі әріптестері де өнер көрсетті. Халықтың рухани байлығын дәріптеп, өнердің құдіретін жас ұрпаққа үлгі ету, талант иесінің өнер жолындағы еңбегін бағаланды. Зиялы қауым өкілдері, өнер сүйер қауым қатысып, рухани әсерге бөленді», – дейді ұйымдастырушылар.
Алғаш еңбекжолын аудандық мәдениет үйінен бастап, зейнеткерлік жасқа келгенше өнермен біте қайнасты. Бүршік жарған гүлдей енді ғана замана көшіне ілесіп келе жатқан аудан мәдениетінің тізгінін қолына алып, басшылық қызмет атқарды. Өмір мен өнерді ұштастырып, ән әуенінде аққау құстай самғады. Жаңадан құрылған «Халық» театрының режиссеры қызметіне тағайындалып, сахна саңылақтарының шыңдалуына септігін тигізді. «Қаракөз», «Еңлік-Кебекте», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібекте», «Шұға» тағы да басқа драмалық спектаклдерде бас рөлдерді сомдап, халықтың шынайы ыстық ықыласына бөленді. «Ғасырлар пернесі» фольклорлык этнографиялык халык ансамблінің құрамында ТМД елдерінде және Республиканың көптеген қалаларында өнер сапарымен барып, Торғай жерінің өнерін жалпақ жұртқа паш еттіңіз. Мәдениет саласына қосқан сүбелі еңбегіңіз ескеріліп, «КСРО мәдениет ісінің үздігі төс белгісімен наградталған.
Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің кұрмет грамотасымен және Бүкіл Одақтық, халықаралык Фестивалдарының лауреаты атағын жеңіп алды. Сатиралық интермедиялардың жандануына атсалысты. «Өнерім-Өмірім» атты кітабыңыз жарық көріп, оқырмандардың жүрегінен жол тапты. Өнер мен отбасыны бірдей бағалап, ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. «Отан – отбасынан басталады» деп көп балалы ана атанды. «Алтын алқа» төсбелгісін кең сарайдай кеудесіне тақты. Талай мәрте мерекелік медалдардың егесі болды. Қандай атақ, қандай марапат болса да лайықты жан.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Суретті түсірген: Ақбота ЖАҢБЫРБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31