
Жанкелдин ауданында мерейтойға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды
М.Дулатұлының 140 жылдық мерей тойына аудан орталығы қызу дайындық үстінде.Аталмыш тойға сырттан көптеген қонақтар келеді деп күтілуде. Сол себепті де ауданның көркіне аса мән берген абзал, сын көзбен қараушылар табылары анық. Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан бөлек тойға дайындық барысында қалыпқа келтіру, абаттандыру, ақтау-сырлау жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр. Жылдық жоспарда бекітілген жұмыстардан бөлек, ағымдағы жөндеуді қажет етіп тұрған нысандар қайта қалыпқа келтіріліп бір қатар жұмыстар жасалуда.
Іс-шара өтетін орындарға асфальт жабындысы төселіп жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталған. Демеушілердің есебінен көптеген жұмыстар легі жасалып жатыр. Жарықтандыруға 50 баған орнатылып қойылды. Ендігі тоқтарын жүргізу жұмыстары жасалуда. Спорттық ойындардың өтетін орындарыда дайындалуда. Көрермендерге арналған орындары қалыпқа келтіріліп, ат жарысы өтетін орындар тазартылып, тегістеліп арнайы техникалар жұмылдырылып жұмыс қарқынды жүргізілуде. Саябақтардың ішін қалпына келтіру жұмыстарыда жасалған. Орталық алаңдағы субұрқақта демеушілердің қолдауымен қайта қалыпқа келтіріліп, жұмысы жасалынып жатыр. Бірқатар жекеменшік нысандар аулаларын тазалап, нысандарын ақтау-сырлау жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, орталық алаңдағы кей бір нысандар әлі сол қозғалыссыз күйі тұр. Тек той өтеді екен деп емес, тазалықты әр үй, әр адам өз ауласынан бастап жасау керек. Көпке топырақ шаша алмаймыз десекте, ауылдың сәнін құртып тұрған жеке үйлердің тазалығын айтпасқа тағы болмайды.
Аталмыш жұмыстың барлығы аудан халқының, қызметте жүрген барша Торғайлықтардың бірігіуімен атқарылып жатқанын баса айту керек. Елдің ауызбіршілігі, осындай кезеңде байқалары анық. Дәл қазір бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31