Жанкелдин ауданында мектеп оқушыларының көңілді лагері басталды
Оқушылар үшін өте тиімді уақыт
Мектеп оқушылары жазғы демалыстарын қызықты өткізуде
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, әр өңірдегі білім ошақтарында жазғы маусымдық лагерь жұмыстары ұйымдастыру көзделген. Осыған орай өткен аптада Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің жанынан «Болашағы біз елдің» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өтті.
«Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталады. Өнер мектебі жанындағы демалыс лагері өз жұмысын 3 маусым күні бастады. Лагердің ашылу салтанатында оқушылармен әр түрлі ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Соңынан өнерлі балларға сыйлықтар табысталды. Алдағы күндері балаларға қызықты шаралар ұйымдастырамыз. «Флешмок», ұлттық домыбра күніне орай «Күмбірле домбыра» атты домбырашылар шеруін өткізу жоспарымыз бар. Сондай – ақ, интеллектуалдық, спорттық ойындардан сайыс өткіземіз. IT кабинеттеріне саяхат жасаймыз. Біз үшін балалардың әр күні көңілді болса, біздің еңбегіміздің ақталағны», – дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлдана Сәрсенгелдина.
«Балдәурен» мектеп жанындағы демалыс лагеріне 6 – 17 жас аралығындағы 50 бала қабылданған. Мектеп мұғалімдері балалардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, шығармашалық қабілеттері мен таланттарын ұштау бағытында жүйелі жұмыс жасауға бет бұрған. Жазғы демалыс лагеріндегі балалар әрбір сағаттарын көңілді өткізуде.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31