
Жанкелдин ауданында мектеп оқушылары аудандық кезеңде бақ сынады
Жас актерлардың шеберлігі
Аудандық білімді бөлімінің ұйымдастырумен Әбіш оқулары байқауынан сахналық қойылым болды. Мектеп оқушылары актерлық шеберліктерін сынап, байқау барысында кейіпкерлердің рөлдерін жақсы сомдады. Нәтижесінде қазылар алқасының ұйғарымымен Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары бірінші орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
“Әбіш Кекілбаевтың” Елең- алаң” романының желісімен сахналық қойылымды көпшіліктің назарына ұсынды. Кейіпкерлердің жан дүниесін көпшілікке жеткізген оқушыларым көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, әртістік қабілеттерін шыңдап, қазылар алқасының жоғары ұрайына ие болды. Енді алдағы уақытта облыстық байқаудан бақ сынап, мектебіміздің намысын қорғайтын боламыз”,- дейді жетекшісі Гүльфайрус Абайқызы.
Сахна мәдениетін сақтай білген жас актерлардың келешегі зор, болашағы баянды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31