Жанкелдин ауданында мектеп оқушылары қалдық заттардың іске асырды
Қағаз бен мата қиындыларының пайдасы бар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, сәуір мен мамыр аралығында «Таза- Қазақстан» экологиялық науқаны жарияланған болатын. Осы тұста, «Дан-Ас» шығармашылық орталығыгың қағаз модельдеу және оригами бөлімінің жетекшісі Гүлдана Қойшықызы мен бөлім оқушылары «Экологиялық акция» ұйымдастырды.
Қалдық заттармен, пакет қиындыларын киім, гүл салатын ыдыстар тағыда басқа көптеген заттар жасады. Акциянының бағыттары бойынша оқушыларға экологиялық мәдениеттің қалыптасуын және пайдалы еңбек пен еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғап, күту, жақсарту мақсатындағы экологиялық білімді насихаттау басты міндет екенін ұмытпаған жөн.
«Көптеген адамдар тұрмыста қажетсіз болып қалған қалдықтарды дұрыс пайдалана білмейді. Қалдық заттарды қажетімізге жарата білсек, қоршаған ортаға зиян келтірмей қолдан пайдалы да әдемі бұйымдар жасауға болады»,-дейді бөлім оқушысы Аида Маңабай.
Экологиялық акцияның жалғасы ретінде оқушылар мен ұстаздар шығармашылық орталықтың алдына көшет ағаштарын отырғызды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31