
Жанкелдин ауданында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ұлықталды
Ырысты жыл болсын
Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары Наурыз мейрамын ұлықтап, ұлттық киім киіп, алаңның сәні келтірді. Ақбоз киіз үйлердің жанында наурызкөже мен ыстық тамақ таратылды.
Ұлттық тағамнан дәм татқан аудан халқы ризашылықтар білдірді. Мерекенің бастауы дала сахнасында басталды. Наурыз туралы әуезді ән шырқалды. Мың бұралған бишілер көрермендердің ықыласына бөленді.
Күмбірлеген күй құлақ құрышын қандырды. Аудандық мәдениет үйінің театр әртістері сахналық қойылым мен салт дәстүр жайында көрініс көрсетті.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аудан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
“Биыл қуанышқа толы жыл болды. Мемлекет басшысы құрылтайда батыс каспи дәлізіне баратын жолдың құрылысы басталатынын жеткізді. Астанадан басталған күре жол Торғай жерін басып өтіп, Ырғыз бен Ақтөбеге жалғасады. Келешекте ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына тың серпін берері сөзсіз. Бүгін Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын”, —деді аудан әкімі.
Мерекелік құттықтаудан кейін Наурыз думан жалғасын тапты. Спорттық жарыстарда бақ сынағандар жүлдегер атанды. Тұрғындарға шелпек нан үлестірілді. Киіз үйлерде қонақасы берілді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31