
Жанкелдин ауданында ұлттық спорт күні мерекеленді
Байрақты бәсеке
Жанкелдин аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 20 наурыз-Ұлттық спорт күніне орай, аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен алғаш рет таяқ тартудан (мас рестлинг) аудандық ашық турнир өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрайымы Анар Ержігітова, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрхан құттықтап,жылы лебіздерін арнады. Алғаш рет өткен ашық турнирге әр салмақ дәрежесі бойынша ерлер арасында ауданға қарасты ауылдардан 95 қатысушы қатысты. Әйелдер арасында екі салмақ дәрежесі бойынша 4 үміткер болды.
Жеңімпаздар арнайы мадақтамамен, ақшалай сыйақымен марапатталды. Ұйымдастырушылар келген қонақтар мен қатысушыларға ыстық бауырсақ пен құрт көжеден дәм таттырды.
Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов аталмыш шараға демеушілік жасаған Бағдаулет Ибрашқа ризашылығын жеткізді.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31