Жанкелдин ауданында кәсіперлік саласында жүрген азамат – азаматшалар бас қосты
«Еңбек түбі береке»
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданымыздың жеке кәсіпкерлері және кәәсіп саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен сала ардагерлері бас қосып, тамаш кештің куәсі боды.
Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Шағын кәсіпкерлік-елдің әлеуетті тірегі» атты салтанатты жиын өтті.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аудан кәсіпкерлері мен ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өзінің жүрек – жарды тілегін арнады. Сонымен қатар, «Ауданның әлеуметтік экономикасына қосқан зор үлесі үшін» ауданымыздың кәсіпкерлеріне құрмет грамота табыстады.
Жиын барасыныда кірістер басқармасының басшысы Жангелді Қалабаев баяндама жасады. Кәсіп саласындағы бірқатар өзгерістерге тоқталды. Жеке кәсіпкер Кәмпит Елеутова әріптестеріне жаңа жылдық лебізін білдіріп, тілектестігін жеткізді.
«Кәсіпкерлік – экономикалық іс – әрекет, мақсаты – пайда табу, табысқа ие болу. Кәсіпкерлік өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады. Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Біздің жергілікті кәсіпкерлеріміз халықты азық – түлікпен және киім – кешекпен, құрылыс заттарымен толық қамтамасыз етіп отыр. Әрине, ауданымыздың шалғайлығынан баға өсімі де болатынын сөзсіз. Қолдарына келгенше тұрғылықты халыққа қызмет жасап отырған жеке кәсіпкерлерге айтар алғысым шексіз. Олардың еңбектері еш кетпейді», – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова.
Мерекеге орай бас қосқан кәсіпкерлердің еңбектері еленіп, марапат иелері атанды. Жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концерте жалғасты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31