Жеңімпаздарға шексіз құрмет
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің міндетін атқарушы Бекзат Болаттың ұйымдастыруымен «Үздіктер шыңы» атты марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараға ауданның 9-11сыныптың 2024 жылда спортта, білімде, өнерде жақсы жетістікке жеткен оқушылары іріктеліп қатысты. «Үздіктер шыңы» марапаттау рәсімінің негізгі мақсаты жылды қорытындылап әр салада жетістіктерге жеткен оқушыларға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалау.
« Бұл іс-шара оқушыларды ынталандырып, олардың алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне себеп болады деген сенімдемін. Еңбек бағаланып марапат алуда ерекше сезім.Аталған шараның тағы бір мақсаты талантты балаларды қоғамға таныстырып, олардың жетістіктерін үлгі ету арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен және біліммен айналысуға шақыру. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін болады»,-дейді «Үздіктер шыңы» жобасының жетекшісі Бекзат Болат.
Ауданнан іс-шараға 36 оқушы қатысты. Барлық оқушылар білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып, арнайы статуэткалар табысталды.
Марапаттау рәсімінен кейін, қатысушылар Ы.Алтынсарин мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен тәлімгері дайындаған оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Сонымен қатар үздіктердің арасынан өнерлі оқушыларда өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылармен білім бөлімінің әдіскерлері қызықты ойындар өткізсе, Ы.Алтынсарин мектебінің психологы әртүрлі тренингтер ұйымдастырды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде естеліксуретке түсіп, тарқасты.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.