
Жанкелдин ауданында егін жинау науқаны сәтті аяқталды
Өнімнің сапасы маңызды
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдар аралығын екі есеге ұлғайту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жол картасы» белгіленген. Бұл ауыл шаруашылық саласының дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Өткен жылы – 33 961 гектар жерге егін себілген. Биыл егін шаруашылығымен айналысатын 20 шаруа қожалығы және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 42 254 га жерге егін сепкен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда өсім бар.
«2024 жылы 26 025 га бидай (2024 жылы – 28 589 га), арпа 3200 га (2024 жылы – 309 га, өсім 10 есе), суданка – 200 га (2024 жылы – 170 га,) және 14 134 га майлы дақыл (сафлор) (2024 жылы – 4003 га, өсім 3,5 есе). Сонымен қатар, 11 гектар жерге картоп, 7 гектар жерге көкөніс, 3 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Егістік алқаптарда ылғал сақтау мақсатында 20 мың гектар егістік жерге ылғал жабу жұмыстары жоспарланып, толығымен жүргізілді. 10,0 мың гектар жерге арам шөптерге қарсы егіс алдындағы өңдеу жұмыстары жасалды. 2025-2026 жылдарға мал қыстату кезеңіне 1,5 жылдық 197,6 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып, толығымен дайындалды. Шаруа қожалықтарында 113,1 мың.тонна (100 %), жеке тұрғындарда 84,5 мың.тонна (100%). Күзгі егін ору жұмыстары 15 тамыздан басталды. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дәнді-дақылдар толық жиналып болды», – дейді Ернұр Сайлаубекұлы.
Дәнді-дақылдар бойынша орташа түсім 6,0 ц/га-ды құраған. Алынған өнім көлемі 17,5 мың тонна. Майлы дақылдардың орташа түсімі 6 ц/га болса, алынған өнім 6,7 мың тонна. Оның сыртында 2,2 мың тонна тұқымдық астық дайындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.
«Күзгі егін ору жұмыстарына 964 тонна жанар май бөлінген, оның 450 тоннасына (47%) келісім шарт жасалды, 253 тоннасы (26,5%) тасылып алынды. 1 литр жанар майдың бағасы 254 теңге болып бекітілді. Жыл аяғына дейін 2300 тонна минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырма берілген болатын, одан 200 тоннаға өтінім берілді, 120 тоннасына келісім шарт жасалды», – дейді жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Көктемгі егін себу және күзгі егін ору жұмыстарына «Кең Дала 2» бағдарламасымен «Бейсен-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 490 млн теңге және «Алмас» шаруа қожалығы несиелік серіктестік арқылы 50 млн несие алған. Алынған несиелер науқанға қажетті тауарлық материалдық шығындарына жұмсалды. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықарының басты міндеттері егін ору жұмыстарын дер уақытылы аяқтап, сапалы тұқымдық астық дайындау.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Сурет: ауыл шаруашылығы бөлімінің сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31