Жанкелдин ауданында бір шаңырақта қос еңбек адамы тұрады

Тарих тағылымы табылдырықтан басталады

Қазанның Бірінші жұлдызы –Халықаралық қарттар күні.Бұл күн өмірдің сан қилы кезеңдерінен өткен, ұрпақ тәрбиелеп, елге еңбегі сіңген ардақты қарияларымызға құрмет көрсету күні.

Қазақ халқы ежелден үлкенге ізет, қартқа құрмет көрсетуді парыз санаған. «Қарты бар үй қазынал үй» деген нақыл сөзде бекер айтылмаса керекті. Үйге береке нұрын шашып, балаларына ақылын, даналығын айтып отырар үлкен кісінің үйде болуы үлкен бақыт.Бүгінгі мақаламның кейіпкерлері, қара шаңырақтың шам шырағы болып отырған абыз қария, Жанкелдин ауданының «Құрметті азаматы» Қабден Ерадилов пен жұбайы алтын құрсақты ана Кенжегүл Нүркенова.

Қабден Ерәділұлы 1941 жылы Қызбел ауылына қарасты Құмшық деген жерде дүниеге келген. Мектепте 7сыныпты тәмамдаған. 1962 жылы әскерге барып, отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келген.1965 жылы алғашқы еңбек жолын автобазда трактор жүргізушісі болып бастаған. Кейін ауыр техникаларды жүргізіп машықты механизаторға айналды. Автобаз жабылғанша сол жерде абыройлы қызмет етіп,1991 жылы Торғай облысы бойынша «Үздік жүргізуші» атағын алған. Сондай-ақ еңбегі еленіп бір қатар медальдармен наградталды. 80 жасына дейін камазды тізгіндеп, жеке кәсібін дөңгелетіп, елге қыстық отын тасып абыройлы жұмыс жасады. 1968 жылы Кенжегүл Нұрқановамен отбасын құрып 3қыз 4ұл тәрбиелеп өсірді. Бүгінде балаларынан тараған 21 нөмере 6 шөберенің ардақты ата-әжесі.Балалары әр салада қызмет етіп, ата-анасының мерейін үстем етіп жүр.
Кенжегүл Нұрқанова 1953 жылы Тобол Станциясында дүниеге келген.Мектепте 8 кластық білім алған. 1990 жылдары «Балдырған» бөбекжай бақшасында аспазшы болып жұмыс жасады. Осы салада 25 жыл қызмет етіп абыройлы еңбек демалысына шыққан. Алтын құрсақты ана бүгінде келіндеріне жол көрсетіп, немере бағып бейнеттің зейнетін көріп марқайуда.

Қадбен Ерәділовтың өнегелі өмірі-жас ұрпаққа үлгі. Қарапайым, еңбекқорлығы, адами парасаты, туған жерге деген сүйіспеншілігі-оны ел алдында биікке көтерді. Жанкелдин жұртшылығының ықыласы мен құрметі-соның дәлелі. Қарттар күні қарсаңында өмірлері өнеге жандарға құрмет көрсетіп , алғыс білдіру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.